Қазақстанда президент төтенше жағдай режимін енгізуіне байланысты 16 наурыздан бастап көп адам қатысатын барлық шараға уақытша тыйым салынды. Алматы мен астана және бірқатар өңірлер карантинге жабылды. Сондай-ақ, мемлекеттік органдардың отырыстары онлайн-режимге көшті. Алайда біз алдағы күндерге жоспарланған шаралар жайлы хабардар етеміз.
9 сәуірге жоспарланған шаралар
09.00 - Сенат отырысы өтеді.
15.00 - "Театральная живопись Гульфайруз Исмаиловой" мультимедиялық дәрісі. Қастеев атындағы мемлекеттік өнер музейі әзірлеген (трансляция музейдің Facebook және Instagram-дағы ресми каналында жасалады).
19.00 - Қастеев атындағы мемлекеттік өнер музейінің залдарына видео-экскурсия жасалады (трансляция музейдің Facebook және Instagram-дағы ресми каналында жасалады).
10 сәуірге жоспарланған шаралар
19.00 – "Астана Опера" театры сахналайтын "Кармен" операсы. Tengrinews.kz/tv/ каналында онлайн-трансляция жасалады.
11 сәуірге жоспарланған шаралар
18.00 – "Астана Опера" театрының гала-балеті. Tengrinews.kz/tv/ каналында онлайн-трансляция жасалады.
21.00 - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әртіс Ерлан Рысқали мен танымал қобызшы Ақерке Тәжібаеваның "Карантиндегі жұлдыз" жобасы аясындағы онлайн-концерті ("Қазақтелеком" АҚ-ның Youtube-каналында көрсетіледі).
12 сәуірге жоспарланған шаралар
18.00 – "Астана Опера" театры сахналайтын "Дон Карлос" операсы. Tengrinews.kz/tv/ каналында онлайн-трансляция жасалады.
21.00 - Эстрада және опера әншісі Толқын Забированың "Карантиндегі жұлдыз" жобасы аясындағы онлайн-концерті ("Қазақтелеком" АҚ-ның Youtube-каналында көрсетіледі).
15 сәуірге жоспарланған шаралар
19.00 – "Астана Опера" театры сахналайтын "Шопениана", "Шехерезада" күміс ғасыр балеттері. Tengrinews.kz/tv/ каналында онлайн-трансляция жасалады.
16 сәуірге жоспарланған шаралар
19.00 – "Астана Опера" театры сахналайтын "Абай" операсы. Tengrinews.kz/tv/ каналында онлайн-трансляция жасалады.
Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.