НҰР-СҰЛТАН, 8 сәуір — Sputnik. Қазақстанда тағы 9 адам коронавирус жұқтырды, деп хабарлады мемлекеттік комиссияның жедел штабы.
"Қызылорда облысында - 1, Түркістан облысында - 1, Шымкент қаласында - 3 және астанада 1 адамда вирус расталды", - деп жазылған хабарламада.
Барлығы елде осы уақытқа дейін 718 адам адам Covid-19 жұқтырды.
Індетті жұқтырғандардың саны бойынша Нұр-Сұлтан (223 адам) мен Алматы ( 119 адам) көш бастап келеді.
Қарағанды облысында - 55, Ақмола облысында - 43, Атырау облысы - 36, Жамбыл облысында - 45, Шымкент қаласында - 23, Шығыс Қазақстан облысында - 6, Алматы облысында - 10, Ақтөбе облысында - 11, Солтүстік Қазақстан облысында - 25, Павлодар облысында - 1, Маңғыстау облысында - 6, Қызылорда облысында - 76, Батыс Қазақстан облысында - 2, Түркістан облысында - 34, Қостанай облысында - 3.