Экономика

Нұрсұлтан Назарбаев қандай өзгеріс болатынын айтты

© Sputnik / Алексей Никольский / Медиабанкке өтуПрезидент Казахстана Нурсултан Назарбаев на заседании Высшего Евразийского экономического совета
Президент Казахстана Нурсултан Назарбаев на заседании Высшего Евразийского экономического совета - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Елбасы кез келген қиындық адамды тығырықтан шығуға, өзгеше ойлауға, қалыптасқан жұмыс тәсілдерін жетілдіруге бастайтынын атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 8 сәуір – Sputnik. Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазіргі жағдай адамзатты, соның ішінде қазақстандықтарды қалай өзгертетінін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Дәл қазір бүкіл адамзат жолайрықта тұр. Әлемдік геосаясатты, экономиканы, экологияны, қоғам өмірінің сан алуан саласын қамтып, тізбектеле келген, бұрын-соңды болмаған проблемалар әлем мемлекеттерінің қарым-қатынасын да өзгерте бастады", - деп жазды Назарбаев халыққа арнаған үндеуінде.  

Елбасының айтуынша, кеше ғана бір-бірін аяқтан шалып, жағадан алып, "санкциялық соғыстарға" жол ашқан мемлекеттер енді өзара көмек қолын созысуда. Бұл – жаһандық деңгейдегі үлкен өзгерістердің бастауы. Ал әлемнің ең алпауыт мемлекеттері осы қиындықтан сабақ алуы керек. Дәл қазір адамзат өркениетін сүріндіретін емес, барша әлем халқын сүйіндіретін жаңашыл саясат қажет.

"Ұлттық қорда 90 миллиард доллар бар": Елбасы халыққа үндеу жолдады

"Кез келген қиындық адамды тығырықтан шығуға, өзгеше ойлауға, қалыптасқан жұмыс тәсілдерін жетілдіруге бастайды. Ал бұл ғылым мен технологияны дамытуға, сергек өмір салтын қалыптастыруға алып келеді", - деп толықтырды Тұңғыш президент.

Ол бүгінде еңбекті ұйымдастырудың креативті әдістері, тіпті жаңа кәсіп түрлері шыға бастағанын атап өтті.

"Қазір адамдар біртіндеп қағазбастылықтан арылып, қашықтан жұмыс істеу режіміне көшті. Осының бәрі бір кезде алдын ала жоспарланып, кеңінен ойластырылған шаралардың арқасында ғана мүмкін болып отыр", - дейді Назарбаев.

Осы орайда тұңғыш президент рухы мықты, өзіне сенімді адамды қиындықтар шынықтыратынын жеткізді.

"Сондықтан біз бойкүйездіктен, сарыуайымнан, енжарлықтан арылып, тығырықтан шығудың жолын іздеген бүкіл әлем халқымен бірге ширыға, шыңдала түсуіміз керек", - дейді Елбасы.

 

Жаңалықтар
0