Қоғам

БАҚ-тың "салық демалысы": Абаев президенттің шешімі туралы айтты

© Sputnik / Ксения ВоронинаДаурен Абаев в окружении журналистов
Даурен Абаев в окружении журналистов - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдарының басшылары президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына хат жолдады

НҰР-СҰЛТАН, 7 сәуір – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев отандық бұқаралық ақпарат құралдарына қолдау көрсету мүмкіндігін қарастырып жатыр. Бұл туралы ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Kazinform-ға берген сұхбатында айтты.

Бұған дейін қазақстандық БАҚ жетекшілері мемлекет басшысының атына хат жолдаған болатын. Олар бұқаралық ақпарат құралдары саласын 2020 жылдың 1 қазанынан дейін салық пен міндетті төлемдерден босатылатындар қатарына енгізуді сұрады. 

Ақпаратқа деген сұраныс артқанымен, төтенше жағдай кезінде көптеген басылымдар жарнамадан қағылды.

"Әлі шешім қабылданған жоқ. Мемлекет басшысы хатты оқыды. Қазіргі уақытта БАҚ-қа қолдау көрсету мүмкіндігі қарастырылып жатыр", - деді Абаев.

Министрдің ақпаратына сәйкес, қазіргі жағдайда телевизия аудиториясы 20 процентке артқан. 18-24 жас аралығындағы қазақстандықтар жиі теледидар көретін болды.

Жаңалықтар
0