НҰР-СҰЛТАН, 7 сәуір – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус жұқтырған 120 медицина қызметкерінің 67-сі науқастармен тікелей жұмыс істегенін, қалғаны әр түрлі себеппен ауырып қалғанын мәлімдеді, деп мәлімдеді Sputnik Қазақстан.
6 сәуірдегі мәлімет бойынша 8 өңірде науқастармен жұмыс істеген дәрігерлер індетті жұқтырған:
- Ақмола облысы – 1,
- Атырау облысы – 2,
- Қарағанды облысы – 4,
- Қызылорда облысы – 1,
- Солтүстік Қазақстан облысы – 6,
- Түркістан облысы – 1,
- Алматы қаласы – 21,
- Нұр-Сұлтан қаласы - 31.
Осылайша, пациенттермен жұмыс істей жүріп науқастанып қалған дәрігерлер сырқаттанғандардың жалпы санының 10%-ін құрады.
"Қазіргі уақытта бір медицина қызметкері ауыр жағдайда, 9 науқастың жағдайы – орташа . Қалған 57 симптомдарсыз және жағдайы қанағаттанарлық, хаттамаға сәйкес емдеуден өтеді", - деп жазылған министрлік таратқан хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, кеше бас мемлекеттік санитар дәрігер Айжан Есмағамбетова Қазақстанда 120 медицина қызметкері індетке шалдыққанын мәлімдеген болатын.
Соңғы мәлімет бойынша 685 адам коронавирус жұқтырды, 6 адам қайтыс болып, елуі жазылып шықты.