АЛМАТЫ,7 сәуір – Sputnik. Алдағы үш күнде ауа райы бұзылады, жаңбыр мен қар жауады. Осыған байланысты еліміздің басым бөлігінде дабылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Оңтүстікте ауа райы қандай болады
Қызылорда облысында 8-9 сәуірде кей жерде жаңбыр мен қар, тұман түседі, найзағай, шаңды дауыл болады. Жел солтүстік-батыстан және батыстан соғады, кей жерде күші 15-20 м/с-ке жетеді деп болжанып отыр.
9-10 сәуірде түнде ауа температурасы 0-5 градусқа дейін күрт төмендейді.
8-9 сәуірде Жамбыл облысының таулы аймақтарында қатты жауын-шашын, тұман болады. Солтүстік-батыстан соғатын желдің күші – 15-20 м/с. 9-10 сәуірде түнде ауа температурасы 0...+5 градус жылы, солтүстікте және таулы аудандарда 5 градус аязға дейін күрт төмендейді.
Синоптиктердің айтуынша, 9-10 сәуірде Тараз қаласында түнде ауа температурасы 0-2 градусқа дейін төмендейді.
8-9 сәуірде Түркістан облысының кей жерінде қатты жауын-шашын күтіледі, тұман болып, солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с-ке дейін жетеді. 8 сәуірде түнде желдің екпіні 25 м/с болады деп болжанып отыр.
9-10 сәуірде түнде ауа температурасы 0-5 градус аяз, оңтүстікте 3 градус жылы болады.
Түркістан қаласында 9-10 сәуірде түнде ауа температурасы 0-2 градусқа дейін төмендейді.
Шымкентте 8 сәуірде тәулік бойы, 9 сәуірде түнде және таңертең қатты жауын-шашын жауады. Солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с-ке жетеді. 9-10 сәуірде түнде ауа температурасы 0-2 градус аязды көрсетіп тұр.
Солтүстікте ауа райы қандай болады
8 сәуірде Ақмола облысының кей жерінде тұман, көктайғақ болады, бұрқасындатады.
Көкшетау қаласында қар түсіп, бұрқасындатады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 23-28 м/с-ке жетеді.
Қостанай облысында ертең оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, кей жерлерде желдің күші – 15-20 м/с.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облысында оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с, екпіні 30 м/с болады.
Қарағанды облысында жел соғады, оның екпіні кей жерлерде 23-28 м/с-ке жетеді, одан да күшеюі мүмкін.
8 сәуірде Қарағанды, Қостанай, Ақтөбе, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облысында кей жерде жаңбыр мен қар күтіледі. Ауа температурасы түнде 0-8 градусқа дейін төмендейді.
Нұр-Султан қаласында 8 сәуірде түнде оңтүстік-батыстан жел соғады, желдің күші 15-20, екпіні 23-28 м/с болады деп күтілуде, күндіз желдің екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.