Енді VR-жобаның көмегімен Рейхстагқа Ту тігуге болады

© SputnikПроект Рейхстаг
Проект Рейхстаг - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"Белгісіз ту ұстаушы" жаңа виртуалды жобасы 1945 жылдың 30 сәуірі мен 2 мамыры аралығында болған оқиғаларды бейнелейді

АЛМАТЫ, 7 сәуір – Sputnik. "Красный квадрат" медиа-тобының қолдауымен Ресейдің "Бессмертный полк" азаматтық-патриоттық қозғалысы мен РИА Новости бірлесіп жасаған "Белгісіз ту ұстаушы" жаңа виртуалды жобасы көпшілікке таныстырылды. Аталған жоба Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орайластырылған.

Авторлардың айтуынша, виртуалды форматтағы жоба "Жеңіс Туы" арнайы операциясының символдық және стратегиялық маңызы туралы әңгімелейді. Сонымен қатар, Рейхстагтың үстіне тігілген 12 жалау мен өзге де маңызды белгілердің және оларды орнатқан Қызыл Армия сарбаздарының тарихын көпшілікке таныстырады.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда "Жеңіске 75 жыл" монеталары айналымға шықты

"Белгісіз ту ұстаушы" 1945 жылдың 30 сәуірі мен 2 мамыры аралығында болған оқиғаларды қайта бейнелейді. Бірінші көріністе қолданушының өзі Қызыл Армия жауынгерінің бірі ретінде Жеңіс Туын орнатады. Ал екінші көріністе жеңіліске ұшыраған Үшінші рейх астанасының аспанында көтерілген ондаған қызыл белгі туралы әңгімеленеді. Эпилогта нацизмнен босатылған Еуропа туралы деректер метафоралық көрініс арқылы ұсынылады.

"Жобаны іске асыру барысында көптеген мұрағат материалдары, фотосуреттер мен деректі түсірілімдер қолданылды. Біз Рейхстагтың бүкіл шатырын суреттер мен фрагменттерден құрастырып, қалпына келтірдік. Кейбір топтар мен жауынгерлердің жекелеген әңгімелерін жинақтау арқылы мақсатымызға қол жеткізгенімізге қуаныштымын. Жалаулардың мұндай тарихы сол күндердегі жауынгерлік іс-қимылдың қалай болғанынан сыр шертеді", – дейді "Россия сегодня" ХАА бас редакторының орынбасары Наталья Лосева.

Жобаның дубляжына ресейлік актер Егор Бероев, Виктор Добронравов, Игорь Петренко және Максим Демченко, сонымен бірге тележүргізуші, "Россия сегодня" ХАА бас директоры Дмитрий Киселев қатысты.

"Біз тарихтың жаңа беттерін аша отырып, әсіресе сұрапыл соғыстың жеңіспен аяқталуымен өткен өмірге ғана емес, ата-әжелеріміз өмір сүрген дәуірдегі шындыққа терең үңілдік. Олар немерелері үшін өз өмірі мен денсаулығын аямады. Олардың мақтанышына айналуымыз үшін біз әрқайсымыз игілікті мақсатта еңбек етіп, ту ұстаушы болуымыз керек", – деді Ресейдің "Бессмертный полк" қозғалысының атқарушы комитетінің жетекшісі Артем Хуторской.

Оқи отырыңыз: Рақымжан Қошқарбаевтың Рейхстагқа тіккен Жеңіс туы қайда – видео

"Красный квадрат" ұйымының бас директоры Илья Кривицкийдің пайымдауынша, жеңісті әр түрлі тілде, соның ішінде жоғары технологиялық жобалармен суреттеуге де болады. Осылайша, кейінгі буын өкілдеріне әсер ету арқылы оларды бір сәт ойландыру қажет.

"Бәлкім, "Белгісіз Ту ұстаушыны" көргеннен кейін, біреу соғыс туралы кітап оқуды немесе тарихи фильм көруді қолға алуы мүмкін. Жалпы алғанда, мұндай жобалар мәдени мәселе әрі тәрбиелеу процесінің бір қыры болып табылады", – деді Кривицкий.

"Белгісіз Ту ұстаушы" жобасы "Россия сегодня" ХАА-нің жоғары технологиялық журналистика саласындағы эксперименттер сериясының жалғасы. Ол РИА.Lab қосымшасында қол жетімді әрі Google Play қосымшасындағы iOS, AppStore және Android құрылғысында жүктеуге болады. Пайдаланушы тамашалауы үшін кез-келген форматтағы виртуалды көзілдірік пен картонды қағаз қажет. Сондай-ақ, оны 360 режимінде көруге де болады.

Жаңалықтар
0