Өңірлер

Шығыс Қазақстанда бір үйден бір адам ғана шыға алады

© Sputnik / Абзал КалиевУлицы и жители Нур-Султана во время карантина
Улицы и жители Нур-Султана во время карантина - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Төтенше жағдай кезіндегі талаптарды бұзғандар және тәртіпке бағынбағандар 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынады

НҰР-СҰЛТАН, 7 сәуір – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті тәртіп қатаңдай түскенін мәлімдеді. Енді бір үйден бір адам ғана сыртқа шыға алады, деп хабарлады Алтайньюс.

Дүйсенбіден бастап тұрғындар қатаң түрде рұқсат қағазына сәйкес жүруі тиіс.

"Бір пәтерге немесе жер үйге бір рұқсат қағазы берілген. Дүкенге, дәріханаға немесе банк бөлімшесіне бір отбасынан бір адам ғана баруы тиіс. Сондай-ақ тұрғындардың ең жақын маңдағы нысандарға барғаны абзал. Ал бала ертіп сыртта серуендеуге тыйым салынады", – деп мәлімдеді ШҚО полиция департаменті.

Полицияның мәлімдеуінше, тұрғындар рұқсат қағазымен бірге жеке куәлігін көрсетуі тиіс. Тәртіп сақшысы азаматтың аты-жөнін белгілеп, мәліметтерді қызметтік планшетке жазып отырады. Осылайша келесі жолы полиция қызметкерлері адамның қай уақытта шыққанын біліп отырады.

Босап қалған қала: карантиндегі Нұр-Сұлтанда не болып жатыр - видео

"Төтенше жағдай кезіндегі талаптарды бұзғандар және құқық қорғау органдарының талабына бағынбағандар 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынады", – деп түйіндеді полиция департаменті. 

Жаңалықтар
0