Өңірлер

Алматыда үш жүзге жуық адамның 42 500 теңге алуға жазған өтініші қабылданбады

© Sputnik / Абзал КалиевТенге
Тенге - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қаланың әлеуметтік әл-ауқат басқармасы өтініш берушілер өздерінің байланыс деректерімен қаражат түсетін шот нөмірін дұрыс көрсетпегенін айтты 

АЛМАТЫ, 7 сәуір – Sputnik. Алматы қаласында 42 500 теңге көлемінде төлем алуға өтініш берген 270 адамға төлемақы тағайындалмады. Бұл туралы Алматы қаласы әлеуметтік әл-ауқат басқармасының басшысы Рахат Шимашева мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"42 500 теңге төлем алуға өтініш берген 270 алматылыққа жәрдемақы тағайындалған жоқ. Өтінім бергендердің бірінші ағымы байланыс деректерін, ЖСН мен қаражат түсетін шот нөмірін қате көрсеткен. Біз оларды толық толтыру үшін қайта жібердік, ол азаматтарға хабарлама жіберілді", - деп мәлімдеді Шимашева.

Оның айтуынша, өтініш берушілер қайтадан өтініш беруге құқылы.

"Егер сізге жәрдемақы тағайындалғаны туралы хабарлама келсе, онда қаражат үш күн ішінде шотқа түседі", - деп атап өтті спикер.

Оқи отырыңыз: Қазақстандықтар 42 500 теңгені алу үшін үйден шықпай-ақ шот аша алады 

Сондай-ақ, Шимашева Алматыда 14 036 жұмыссыз азаматтың тіркелгенін айтты. 19 наурыз – 7 сәуір аралығында қалада жұмыспен қамту орталығына 1 755 адам есепке тұрды.

Жаңалықтар
0