Өңірлер

Биылғы жаз қандай болады - ауа райы болжамы жарияланды

© Sputnik / Тимур Батыршин Праздник урожая
 Праздник урожая - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазгидромет мамандары алдағы жарты жылда ауа райы қандай болатынын айтты: көктем мен күз жылы болса, жазда ыстық күндер көп болады

АЛМАТЫ,6 сәуір – Sputnik. Синоптиктер сәуір-қазан аралығына ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Жаз қандай болады

Мамандардың айтуынша, көктем республиканың басым бөлігінде жылы, бірақ жауын-шашынды болады. Сәуірде ауа температурасы республиканың шығыс бөлігінде нормадан бір градус жоғары, ал батыста ауа қалыпты мөлшерде болжанып отыр.

"Мамырда керісінше ауа температурасы республиканың оңтүстік-батыс бөлігінде нормадан 1 градусқа жоғары болып, солтүстік-шығыс бөлігінде қалыпты болады. Павлодар облысының шығысында және Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде ауа температурасы нормадан 1 градус төмен болады",- дейді синоптиктер.

Жазда Қазақстанның батысы мен шығысында ауа температурасы қалыпты нормада, ал қалған аумақта климаттық нормадан бір градус жоғары болады.

"Маусымда еліміздің солтүстік-шығыс бөлігінде жауын-шашын күтіледі және оңтүстік-шығыстың кей жерлерінде қалыпты температура сақталады. Қалған аумақта жауын-шашын аз жауады. Жаздың басым бөлігі ыстық болады, жаңбыр аз жауады. Кей күндері ауа температурасы төмендеп, күн жылы болады", - деп болжады мамандар.

Шілдеде ауа температурасы елдің барлық аумағында қалыпты нормада сақталады. Тамызда батыста және солтүстік-батыста кей жерлерде температура нормадан 1 градус жоғары, қалған аумақта қалыпты болады.

Күзге ауа райы болжамы

2020 жылдың күзі республиканың басым бөлігінде жылы болады деп болжанып отыр. Қыркүйекте жауын-шашын аз жауады, ал еліміздің солтүстік, батыс, шығыс және оңтүстік-шығысында кей жерлерде күн жауын-шашынды болады.

Қазанда еліміздің солтүстік-батыс бөлігінде жауын-шашын көп жауады, оңтүстік-шығыс бөлігінде де жаңбырлы ауа райы күтіледі. Республиканың солтүстік, орталық, оңтүстік-батыс өңірлерінің басым бөлігінде, оңтүстік және солтүстік-батысында кей жерлерде жауын аз жауады деп болжанып отыр.

Тағы оқыңыз: Сәуірге ауа райы болжамы: "30 градусқа дейін ыстық болады"

Жаңалықтар
0