Әлем

Мұнай дағдарысынан қандай нәтиже күтуге болады

Жазылу
ОПЕК+ отырысының нәтижесіне қарамастан, өндірістің айтарлықтай төмендеуі мұнайға түсіп жатқан сұраныстың орнын толтыра алмайды. Коронавирус эпидемиясы планетаның мұнай мен мұнай өнімдеріне сұранысын түбегейлі төмендетті

Өткен апта соңында Дональд Трамп дүниежүзілік мұнай нарығын реттеуді қолға алуға әрекеттенді. Анығын айту керек, салыстырмалы түрде қарағанда АҚШ президенті бұл жолы бұрынғыдан әлдеқайда жақсы жұмыс істеді, деп жазады РИА Новости.

Бірақ Трамп президенттік бұйрықтар мен санкциялардың немесе жеке твиттеріндегі мәлімдемелерінің көмегімен мұнай бағасын төмендетуге қол жеткізе алмады. Дегенмен бағаның күрт көтерілуін ұйымдастыруға тырысу сәтті болды.

Вена қаласындағы ОПЕК ғимараты - Sputnik Қазақстан
Экономика
Мұнай келіссөзіне мейлінше мүдделі ел қайсы
Алайда АҚШ президенті бірнеше күн бұрын сыпайы түрде жариялаған "мұнай келісімінің" құлдырауы тым қысқа болды. Енді оның жария еткен екі хабарламасын салыстырып көрейік. Трамп 2 сәуір күні кешке өзінің твиттердегі парақшасында: "Ресей президенті Путинмен тілдескен досым – Сауд Арабиясының мұрагер ханзадасымен жаңа ғана сөйлестім. Олар он миллион баррель қысқартады деп үміттенемін. Мүмкін, одан да көп. Егер бұл іске асса, мұнай-газ саласы үшін тамаша болады!" деп жазды.

Ал сенбі күні кешке жағдай сәл өзгерді. Журналистер алдында сөйлеген Трамп ОПЕК-ті (яғни, Сауд Арабиясы басқаратын және өндірісті қысқартады деп үміттендіріп отырған ұйым) сынға алды: "Мен бүкіл өмірімде ОПЕК-ке қарсы шықтым, бұл не деген сөз? Бұл заңсыз (құрылым. – Ред.). Оны картель деп те немесе монополия деп те атауға болады" (РБК-ның дәйексөзі).

Сонымен қатар, ол АҚШ-тағы жұмыс орындарын сақтап қалу үшін мұнай импортына (мүмкін саудиялық немесе ресейлік) қарсы баж салығын салуға дайын екенін тағы да атап өтті. Солай десек те, тәулігіне он миллион баррельге дейін өндірісті азайтуға ықпал ететін "ғасыр келісімінің" орындалуына ашық мүмкіндік қалдырды.

Оқи отырыңыз: Мұнай соғысында жеңіске жетуде қай ел басымдыққа ие

Америкалық көшбасшының осылайша абыржуы екі факторға байланысты болуы мүмкін. Біріншіден, мұнай нарығына қатысушылардың конференциясын тез арада жинау әлі мүмкін болмады. Екіншіден, барлық дерлік мұнай өндіруші елдердің өкілдері Вашингтонға мұнай өндіруді бұрын-соңды болмаған түрде қысқарту жөніндегі маңызды келісім, тек америкалық тараптың қатысуымен ғана жасалуы мүмкін екендігін меңзеп отыр және оны (меңзеуді) Ақ үй ұнатпауы мүмкін.

Егер америкалық беделді ақпарат құралдары әрқашан Путин бәріне кінәлі деп айтатын болса, проблеманың бір ұшын өздерінен іздеу керек. Тіпті, The New York Times газеті Дональд Трампты кез келген нәрсеге айыптауға дайын басылым. Мұнай нарығындағы барлық проблемаға кімнің кінәлі екенін әлі де анық біледі.

Рабочий на нефтебазе, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Мұнай бағасын тұрақтандырудың тетігі қандай
ОПЕК-тің екі делегатының айтуынша, дүйсенбі күні аталған ұйым елдерінің лауазымды тұлғалары арасында кездесу болады. Бұл мұнай экспорттаушылары мен Ресей және басқа да мұнай өндіруші елдердің энергетикалық нарығындағы бейберекетсіздікті тоқтату туралы мәмілеге деген үмітті оятқан. Бірақ Сауд Арабиясы мен ОПЕК-тің іс жүзіндегі нақты көшбасшысының Ресеймен арадағы шиеленісіне орай кездесу кейінге қалдырылды. Алайда жұма күні мұнай бағасының төмендеуіне байланысты Ресей президенті Владимир Путин Сауд Арабиясын ішінара айыптады. Бірақ саудиялық сыртқы істер және энергетика министрі мұндай айыптауға Ресейді кінәлап, ызамен жауап берді. Егер Вашингтон өз өндірісінің үш-төрт миллион баррелін қысқартатынын мәлімдесе, онда ешқандай дау болмайды.

Дональд Трамп америкалық мұнай компанияларынан өндірісті қысқартуды саяси тұрғыда талап ете алмайды. Ол өзінің осындай міндеттемелер қабылдағанын көпшілік алдында мойындағысы да келмейді. Өйткені, баға соғысында жеңілген Америка президенті өзінің сайлаушыларына уәде еткен "тағы да ұлы Америкасына" ұқсамайды. Бірақ екі маңызды ерекшелік бар: Трампқа мұнай бағасын қалай да өсіруі керек (тек өзімшілдіктің саяси мүдделерінен тыс) әрі оның президент әкімшілігі арқылы біреуге тапсырыс берместен қажетті нәтижеге қолжеткізуінің жолдары да бар.

Оқи отырыңыз: Мұнай мен газ бағасы мың құбылды: жағдай қалай өзгереді

Егер мұнай нарығын реттеу жөніндегі техастық комиссия бұл мәселені шешсе (президенттің қолдауымен ОПЕК + өндірісті азайтуға кепілдік берген), онда бірнеше жақсы сылтаулармен тақтатас өндірісінің екі-үш миллион баррелін салыстырмалы түрде "қысқарту" оңай жасалуы мүмкін. Себебі, ірі тақтатас мұнайын өндіруші компания басшыларының өздері ел үкіметінен дәл осындай шараларды талап етеді.

Нефтедобыча - Sputnik Қазақстан
Экономика
Мұнай мен газ бағасы мың құбылды: жағдай қалай өзгереді
Өйткені, америкалық өндірістің едәуір бөлігі Мексика шығанағындағы платформаларда орналасқан. Федералды үкімет мұнайшылардың денсаулығына алаңдаушылық таныту мақсатында оларды уақытша жаба алады (техникалық шығындарға тиісті өтемақы төлеу арқылы). Сондай-ақ, олар үшін платформалар круиздік кемелерге ұқсағандықтан коронавирус індетін жаппай жұқтыру орындары ретінде қалқымалы табытқа айналуы мүмкін. Бұл келіссөздер оңай әрі сәтті болады деген сөз емес. Бірақ экономикалық тұрғыдан алғанда Вашингтон үшін өте ауыр және оның қатысуға нақты мүдделілік танытуы мұнай нарығындағы жаңа картельге (ресми немесе бейресми) бастаған жақсы қадам, сондай-ақ маңызды нәтиже болып табылады.

ОПЕК+-тің кезекті отырысының нәтижелеріне қарамастан, өндірістің айтарлықтай төмендеуі мұнайға түсіп жатқан сұраныстың орнын толтыра алмайды. Коронавирус эпидемиясы планетаның мұнай мен мұнай өнімдеріне сұранысын түбегейлі төмендетті.

Негізгі басымдық – бұл коронавирус індетінен кейінгі мұнай нарығының болашағы. Індет жойылады. Ал дүниежүзілік экономиканың қара алтынға қажеттілігі мен одан ақша табуға деген ұмтылыс (оның ішінде АҚШ-та бар) қалады. Егер әлем эпидемиядан мұнай нарығындағы жаңаша көрініспен шықса, онда бағаны іс жүзінде мұнай өндіруші елдердің жаһандық келісімінің тараптары бақылайды. Онда мұны қазіргі дағдарыстың оң нәтижелерінің бірі деп санауға болады.

Жаңалықтар
0