Өңірлер

Қарағанды облысы карантинге жабылады

© Photo : Пресс-служба акима Костанайской областиНа блокпостах Костанайской области
На блокпостах Костанайской области - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Абай, Саран, Қарағанды, Теміртау және Шахтинск қалаларында ерекше тәртіп болатыны хабарланып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 5 сәуір - Sputnik. 7 сәуірден бастап Қарағанды облысы карантинге жабылады. Бұл туралы өңірдегі тауар мен қызмет сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің жетекшісі Қанат Асқаров хабарлады.

7 сәуір сағат 00.00-ден бастап өңірге кіріп-шығу шектеледі. 

Қарағанды, Абай, Саран, Шахтинск және Теміртауда карантиннің ерекше тәртібі болатыны хабарланып отыр.

Тұрғындар жұмысқа, азық-түлік дүкеніне, аса қажеттілік болған жағдайда медициналық мекемелерге, үйден 500 метр радиусқа үй жануарларымен шығуға және банк операцияларын жасауға ғана шыға алады.

Тағы оқыңыз: "Бастығыңыз біледі, төменге түсіңіз деді" – карантинге жатқызылған еріктілердің әңгімесі

Карантиннің ерекше тәртібі енгізілген аумақта барлық ұйымдардың жұмысы тоқтатылған. Тек қала тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдар ғана қызметін жалғастырады.

Кәсіпорындарға қызметкерлер қызмет көлігімен жеткізілуі тиіс. 

Сондай-ақ, облысаралық, қалааралық, ауданаралық және қалалық жолаушылар тасымалы тоқтайды.

Соңғы мәліметке сәйкес, облыста 31 адам коронавирус жұқтырған. Қазақстан бойынша барлығы 569 адам.

Жаңалықтар
0