Өңірлер

Жамбыл облысында 17 науқастың індетті қалай жұқтырғаны белгілі болды

© Sputnik / Владислав ВодневПробирка с пробой коронавируса и медицинская маска
Пробирка с пробой коронавируса и  медицинская маска - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың күшейтілген шарасының арқасында науқас азаматтар дер кезінде анықталып, карантинге жатқызылды

НҰР-СҰЛТАН, 5 сәуір – Sputnik. Жамбыл облысында 17 науқастың COVID-2019 індетін қалай жұқтырғаны белгілі болды. Олар індетті сырттан әкелген және науқастармен байланыста болғандар, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.

Төрт науқас Үндістаннан келген рейс жолаушылары. Ұшып келген жолаушылар арнайы автобуспен медицина қызметкерлері мен полицияның бақылауымен карантиндік стационарға жеткізіліп, оқшауланды. Лабораториялық зерттеу нәтижесі бойынша 1984, 1996, 1998, 2000 жылы туған төрт жолаушыдан инфекция анықталды.

Қордай ауданында үш жағдай тіркелді. 1975 және 1982 жылы туған екі тұрғын Нұр-Сұлтан қаласының вирус жұқтырған тұрғынымен байланыста болғандықтан карантиндік стационарда жатқызылған. Тағы бір індет жұқтырған 1999 жылғы азаматша 23 наурыз күні Қостанай қаласынан «Қостанай–Алматы» пойызымен келген.

Оқи отырыңыз: Абаев Үндістанда "қамалып қалған" қазақстандықтар туралы айтты

Шекара пунктеріндегі күшейтілген шараларға байланысты Қазақстанға кіретін барлық азамат карантиндік стационарға жатқызылады, оның ішінде жүк көлігінің жүргізушілері де бар. Нәтижесінде 10 науқас анықталды. Оның 4-еуі Қырғызстан азаматы болса, 6-ы көрші елден жүк тасыған Қазақстан тұрғыны.

Науқас азаматтардың барлығы инфекциялық стационарға жатқызылды. Байланыста болған адамдарды анықтап, оқшаулау және тұрғылықты мекен-жайы мен науқастардың барған жерлерін дезинфекциялау жұмыстары жүріп жатыр.

Жаңалықтар
0