Өңірлер

Қостанайда 8 жыл күттірген үшем дүниеге келді

© Photo : Информационный портал "Алау"Тройня появилась на свет в Костанайской области
Тройня появилась на свет в Костанайской области  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ерлі-зайыпты Николай мен Маринаның көптен күткен алғашқы перзенттері үшем болып жарық дүниеге келді

НҰР-СҰЛТАН, 5 сәуір – Sputnik. Қостанай облысында жас келіншек екі ұл және бір қыздан құралған үшем босанды, деп хабарлайды облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сүйенген alau.kz.

"Перзентханадағы медициналық-генетикалық және реанимация бөлімшесінің дәрігерлері мен медбикелеріне алғысымыз шексіз. Біз осындай білікті мамандардың арқасында бақытқа кенеліп отырмыз", – деді үшемнің анасы Марина Антуфьева.

Ерлі-зайыптылар сегіз жыл бойы перзент сүюге зар болған. Маринаның айтуынша, ата-анасын көп күттіріп туған үшем ЭКО көмегімен (экстракорпоральді ұрықтандыру – Sputnik) жарық дүниеге келген.

"Біздің қолымызда мемлекет тарапынан бөлінген квотамыз болды. Алғашқы әрекетіміздің өзі өте сәтті шықты. Дәрігер ультрадыбыстық зерттеумен тексергенде "егіз" деп айтты. "Рас па?" деп сұрағанымда: "Жоқ, үшем екен" деді. Қуаныштан көз жасыма ерік бердім", – дейді келіншек.

Оқи отырыңыз: Балаға берілетін жәрдемақы 2020: кімге, қалай және қанша төленеді?

Николай мен Марина 7 наурыз күні туған ұл-қызына Валера, Алеша және Лиза деп есім берген. Ал нәрестелердің салмағы 1 килограмм 930 грамм, 1 килограмм 785 грамм және 1 килограмм 795 грамм болған.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының дерегінше, Қостанай өңірінде 2020 жылы ЭКО көмегін қажет ететін ата-аналарға 51 квота бөлінген.

Жаңалықтар
0