Қоғам

Қазақстанда індетке шалдыққан тағы 6 адам тіркелді

© AFP 2024 / THOMAS SAMSONПробирка с коронавирусом
Пробирка с коронавирусом  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталып, ем қабылдап жатқан адамдардың жалпы саны 531-ге жетті

НҰР-СҰЛТАН, 5 сәуір - Sputnik. Cоңғы дерек бойынша Қазақстанда коронавирус індетін жұқтырған тағы 6 адам тiркелдi. Қызылорда облысында – 2 адам, Нұр-Сұлтан қаласында – 3 адам, Жамбыл облысында – 1 адам, деп хабарлайды Coronavirus2020.kz.

"Елдегі эпидемиологиялық жағдай бойынша коронавирус індетін жұқтырған тағы 6 адам тiркелді. Қызылорда облысында – 2 адам, Нұр-Сұлтан қаласында – 3 адам, Жамбыл облысында – 1 адам", – делінген хабарламада.

Қазірге дейін Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 219 адам, Алматы қаласында – 110 адам, Қарағанды облысында – 27 адам, Ақмола облысында – 20 адам, Атырау облысы – 22 адам, Жамбыл облысында – 11 адам, Шымкент қаласында – 13 адам, Шығыс Қазақстан облысында – 4 адам, Алматы облысында – 10 адам, Ақтөбе облысында – 10 адам, Солтүстік Қазақстан облысында – 25 адам, Павлодар облысында – 1 адам, Маңғыстау облысында – 3 адам, Қызылорда облысында – 30 адам, Батыс Қазақстан облысында – 2 адам, Түркістан облысында – 23 адам, Қостанай облысында – 1 адам, жалпы 531 науқас тіркелді.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда вирустан қайтыс болған бесінші адамға қатысты тың ақпарат шықты

Айта кетейік, елімізде коронавирус індетінен бес адам көз жұмды. Кеше таңертең Түркістан облысында бір науқас қайтыс болды. Осы кезге дейін Нұр-Сұлтан қаласында 1, Ақмола облысында 2 және Қарағанды облысында 1 қайғылы жағдай тіркелді.

Ал аталған эпидемиядан жазылып шыққандар саны – 36 адам. Оның 19-ы Алматы қаласында, 17-і Нұр-Сұлтан қаласында.

Жаңалықтар
0