Қоғам

Қазақстанда вирустан қайтыс болған бесінші адамға қатысты тың ақпарат шықты

© Sputnik / Алексей Сухоруков / Медиабанкке өтуОперация үстелінде жатқан пациент, архивтегі сурет
Операция үстелінде жатқан пациент, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бесінші науқас екінші сәуірде көз жұмған, бірнеше созылмалы аурумен ауырған. Ал оның коронавирус жұқтырғаны бүгін сот-медициналық сараптама нәтижесінде белгілі болды

НҰР-СҰЛТАН, 4 сәуір – Sputnik. Коронавирустан көз жұмған бесінші науқас – Целиноград ауданының 73 жастағы тұрғыны. Бұл туралы Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасынан мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Бүгін вирустан көз жұмған ер адам - Целиноград ауданының 1947 жылғы тұрғыны. Екінші сатыдағы "Дисциркуляторлық энцефалопатия", оң жақты гемипарез, созылмалы обструктивті өкпе ауруы, артериалды гипертония диагнозымен есепте тұрған", - деді басқарма басшысы Сүлен Ілиясов онлайн брифингте.

Бұған дейін науқасқа бірнеше рет ота жасалған, ол созылмалы аурулармен, соның ішінде қант диабетімен ауырған. 2018 жылы дәрігерлер оң жақ аяғын кесіп алып тастады. 

Осы жылдың 1 наурызында пациенттің жағдайы нашарлаған. Қан қысымы көтеріліп, тыныс алуы қиындап, жүрек қан-тамыр аурулары асқынған.

2 сәуірде биологиялық өлім тіркелді. Марқұмның денесі сот-медициналық сараптама үшін астанаға жеткізілген.

Тағы оқыңыз: Жақсылық Досқалиев коронавирустан қалай қорғануға болатынын айтты

"Полимеразды тізбекті реакция әдісімен зерттеу жүргізгенде, ер адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды. Зерттеу нәтижесі бүгін, төртінші сәуірде шықты", - деді ол.

Қазір көз жұмған пациентпен байланыста болған адамдар анықталып жатыр. Тиісті эпидемияға қарсы шаралар жүргізілуде.

Айта кетсек, бүгінде республикада коронавирус жұқтырғандар саны 525 адамға жетті. 36 адам дерттен айығып шықты, бес адам қайтыс болды. 

Жаңалықтар
0