Қоғам

Карантинге жабылған Нұр-Сұлтан қаласына кімдер кіре алатыны белгілі болды

© Sputnik / Владислав ВодневЕлорда іргесіндегі Жібек жолы кентінің маңындағы блокбекет
Елорда іргесіндегі Жібек жолы кентінің маңындағы блокбекет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қаланың медициналық ұйымдарына емделуге келе жатқан азаматтарға блок бекеттен өтуге рұқсат етіледі

НҰР-СҰЛТАН, 4 сәуір – Sputnik. Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова карантин кезінде кімдер елорда аумағына кіре алатынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Карантин жарияланған Нұр-Сұлтан қаласының аумағына медициналық анықтамасы бар азаматтардың кіруіне және шығуына рұқсат етіледі", - деді Қисықова онлайн брифингте.

Азамат өзімен бірге блок бекет арқылы тек екі адамды кіргізе алады.

Ол үшін төмендегі құжаттарды көрсетуі тиіс:

  • Диагноз бен емдеу шұғылдығын растау үшін аумақтық емхананың дәрігерлік-консультациялық комиссиясының қорытындысы;
  • Карантин аймағында орналасқан медициналық ұйымның шақырту хаты. Құжатта диагнозы мен шұғыл ем алуы қажеттігі көрсетіліп, бірінші басшының қолтаңбасы мен мөр қойылады.

Қалған азаматтарға қатысты шешімді жергілікті атқарушы органдар қабылдайды.

Тағы оқыңыз: Түркістан облысында коронавирус індетінен бір адам көз жұмды

Сонымен қатар, әр блок бекетке орта медицина қызметкерлері бекітіледі. Олар тәулік бойы жұмыс істейді.

Астанаға аумағына кірген барлық адам он төрт күнге үй карантиніне алынады.

Халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету ұйымдарының қызметкерлері карантинге орналастырылмайды.

19 наурыздан бастап астана мен Алматы қаласы карантинге жабылды. 28 наурызда карантиндік шаралар күшейтілді. Оған сәйкес, қала тұрғындары сыртқа тек азық-түлік, дәрі-дәрмек сатып алуға және жұмысқа бару үшін шыға алады. Көшеде себепсіз жүргендер жауапқа тартылады. 

Жаңалықтар
0