НҰР-СҰЛТАН, 4 сәуір – Sputnik. Алматыда бой көтере бастаған карантин орталығы 280 адамға есептелген. Бұл коронавирус індетін жұқтыруы ықтимал және науқас адамдармен байланыста болған жандарға арналған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Құрылысы жаңадан баталған карантин орталығының жұмысымен танысқан Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев тез салынатын модульды құрылыс жабдығы 280 адамға лайықталғанын айтады.
"Бұл госпиталь коронавирус індетін жұқтыруы ықтимал және науқас адамдармен байланыста болған жандарға арналған. Тез тұрғызылатын карантин орталығы 280 адамға есептелген. Соның ішінде 28-і қарқынды терапия бөлімшесі қызмет көрсететін болады", – деді Сағынтаев.
Оның айтуынша, мұндай госпиталь салу шешімі вирус пандемиясына тап болған басқа елдердің тәжірибесі мен мамандардың ұсынысы негізінде қабылданған.
Оқи отырыңыз: Қазақстанда үш аптада үш жаңа аурухана салынады
"Осы орталық – індетті дер кезінде анықтап, оқшаулауға және оны емдеуге мүмкіндік береді. Осылайша біз аурудың таралу қаупін айтарлықтай төмендетіп, қаладағы эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыра аламыз", – деді Алматы әкімі.