НҰР-СҰЛТАН, 4 сәуір – Sputnik. Алматыда тағы алты пациент дертінен айығып, ауруханадан шықты, деп хабарлайды коронавируспен күрес жөніндегі жедел штаб.
Коронавирусты жеңгендердің бесеуі – әйел, біреуі – ер адам.
"Екеуі 16 наурызда Стамбұлдан келсе, екеуі 10 наурыздағы Мәскеу ‒ Алматы рейсінің жолаушылары. Бір науқас 13 наурызда Берлиннен ұшып келген, тағы біреуі вирус жұқтырған адаммен байланыста болған", - делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта Алматыда індеттен жазылып шыққандар саны 19 адамға жетті. Олардың барлығы 14 күнге үй карантиніне алынды.
Оқи отырыңыз: Түркістан облысында көз жұмған науқас Алматыдан келгенін жасырған
Алматы қаласында барлығы 109 адамда коронавирус расталды.
Республика бойынша қауіпті вирусты жұқтырғандар саны 500 адамға жетті.
35 адам дертінен айықты, 16-сы астанада, 19-ы Алматы қаласында. Төрт адам қайтыс болды.