Өңірлер

Қостанай облысында тіркелген науқастың инфекцияны қалай жұқтырғаны белгілі болды

© Sputnik / Абзал КалиевБольница
Больница - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қостанай облысында оқшауланған азаматтардан 12 күн өткен соң коронавирусқа қарсы тест алынған, бір адамның талдауы оң нәтиже көрсеткен

АЛМАТЫ, 3 сәуір – Sputnik. Қостанай облысында коронавирус табылған науқас 23 наурызда Шарм-эль-шейх – Алматы рейсімен ұшып келген. Бұл туралы Қостанай облысы әкімінің орынбасары Марат Жүндібаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"1991 жылы туған әйел 23 наурызда Шарм-эль-шейх –Алматы рейсімен ұшып келген. Ол рейстегі азаматтан инфекция табылған. Соған сәйкес, бүгін коронавирус анықталған науқас және Қостанай облысының тағы 4 азаматы алғашқы тексеруден өткен. Нәтижесі теріс болуына байланысты олар өз туған жеріне Отар стансасынан пойызға отырып, үйлеріне келген", - деді Жүндібаев.

Азаматтар Қостанай облысына келген бойда карантинге алынған. Олармен байланыста болған барлық жолаушы мен жолсерік оқшауланған. Жалпы саны – 12 адам.

Оқи отырыңыз: Коронавирус Қазақстанның барлық облысына жетті

"Оқшаулауға алынған азаматтардан 12 күн өткен соң коронавирусқа талдау алынды, бір адамның талдауы оң нәтиже берді. Ал қалған байланыста болған адамдарда инфекция анықталған жоқ. Қазіргі уақытта тиісті эпидемияға қарсы шаралар қабылданып жатыр", - деді қала әкімінің орынбасары.

Қазір науқас облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына ауыстырылды. Науқастың жағдайы қанағаттанарлық.

Бүгінге дейін облыста 291 адам ауруханаға жатқызылған, 99 адам провизорлық стационарларда, 163 адам карантин стационарларында, 29-ы жұқпалы аурулар ауруханасында. Облыста 16 наурыздан бастап ауруханаға оқшаулау жұмыстары басталған. Сол уақыттан бері 63 адамның коронавирусқа талдауы теріс нәтиже бергендіктен, олар ауруханадан шығарылды. Алдағы уақытта 113 адам шығарылады деп жоспарланып отыр. Үй карантинінде 1Б санатындағы елден келген 2 124 адам бар.

Жаңалықтар
0