Қоғам

Қазақстанда 28 дәрігер коронавирус жұқтырды

© AP Photo / Luca BrunoВрач идет в отделение реанимации
Врач идет в отделение реанимации - Sputnik Қазақстан
Жазылу
НовостиTelegram
Соңғы дерек бойынша, Қазақстанда індетті жұқтырғандар саны 453 адамға жетті, оның 199-ы Нұр-Сұлтан қаласында

НҰР-СҰЛТАН, 3 сәуір – Sputnik. Елімізде 28 медицина қызметкері індетке шалдықты. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Медицина қызметкерлерінің сырқаттануына қатысты да көптеген сұрақ қойылады. Біз бұл фактіні жасырмаймыз. Карантиндік нысандарда жұмыс істеп вирус жұқтырған медицина қызметкерлерінің арасында 28 адам бар", - деді министр онлайн брифингте.

Айтуынша, қазір барлық факті бойынша эпидемиолоиялық тергеу жүріп жатыр. Ақ халаттылардың вирусты жұқтыру себептері немен байланысты екені анықталады. 

Оқи отырыңыз: Қазақстанда он бір науқас хәл үстінде жатыр – министр

"Бұған дейін айтылғандай, инфекциялық стационарларда, карантиндік нысандарда вирус жұқтыру қаупі жоғары. Әкімдер барлық шараны қолға алды, медицина қызметкерлерінің қауіпсіздігіне қатысты ережелер сақталуы тиіс", - деп толықтыры ол.

Біртанов медицина қызметкерлерінің өздері де қауіпсіздік техникасын сақтауы керек екенін атап өтті.

"Әрине, проблема жоқ емес. Қазір олардың бәрі шешіліп жатыр", - деп түйіндеді министр. 

Жаңалықтар
0