НҰР-СҰЛТАН, 3 сәуір – Sputnik. Астаналықтар карантин кезінде қайғыға салынбады. Бұған музыкалық флешмоб дәлел.
Кеше, 2 сәуір күні елордалықтар карантинде музыкалық үзіліс жасады. Сағат кешкі 22.00-де тұрғындар балконға шығып, терезе ашып, әнұран айтты.
Кейін тұрғандар концерттегідей телефондарының жарығын қосты. Флешмоб жарты сағатқа жалғасты.
Ерекше флешмоб ұйымдастыруға шақырған хабарлама WhatsApp-та пайда болған еді. Тұрғындар бұл хабарламаны көршілерінің тобына жіберіп, идеяны қолдады.
Хабарламада осындай қиын кезеңде астаналықтарды бір-бірін қолдауға шақырған.
Елорда 19 наурыз күні карантинге жабылған болатын. 28 наурыз күні карантин күшейтілді. Енді тұрғындар тек дәріхана, азық-түлік дүкені мен жұмысқа ғана бара алады.