Қазақстанда президент төтенше жағдай режимін енгізуіне байланысты 16 наурыздан бастап көп адам қатысатын барлық шараға уақытша тыйым салынды. Алматы мен астана және бірқатар өңірлер карантинге жабылды. Сондай-ақ, мемлекеттік органдардың отырыстары онлайн-режимге көшті. Алайда біз алдағы күндерге жоспарланған шаралар жайлы хабардар етеміз.
4 сәуірге жоспарланған шаралар
08.00 – Таэквондодан әлем чемпионатының күміс жүлдегері Нұрсұлтан Мамаев өткізетін #bizbirgemiz_sport жобасы аясындағы таңертеңгілік жаттығу (жоба парақшасында тікелей трансляция – @bizbirgemiz_sport).
12.00 – Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайының ғылыми хатшысы Екатерина Резниковамен "Сергей Калмыков феномені" экскурсиясы (жоба парақшасында тікелей трансляция – @bizbirgemiz_culture).
14.00 – Конькимен жүгіру спортынан Қазақстан Республикасының мемлекеттік жаттықтырушысы Кенжеш Сәрсекенованың онлайн-дәрісі (жобаның @bizbirgemiz_sport парақшасында тікелей трансляция).
18.00 – Грек-рим күресінен әлем чемпионатының қола жүлдегері, Азия чемпионы Мақсат Сайлаумен сұхбат (жоба парақшасында тікелей трансляция – @ bizbirgemiz_culture).
18.00 – "Астана Опера" театрының қойылымындағы Арам Хачатурянның "Спартак" қойылымы. Онлайн-трансляция Tengrinews.kz/tv/. каналында жасалады.
21.00 – Опера әншісі Майра Мұхамедқызының онлайн-концерті.
5 сәуірге жоспарланған шаралар
18.00- "Астана Опера" театрының қойылымындағы Петр Чайковскийдің “Евгений Онегин” операсы. Онлайн-трансляция Tengrinews.kz/tv/. каналында жасалады.
7 сәуірге жоспарланған шаралар
21.00 – "Карантиндегі жұлдыз" жобасы аясында қазақстандық әнші Құрмаш Махановтың онлайн-концерті ("Қазақтелеком" АҚ Youtube каналында трансляция жасалады).
8 сәуірге жоспарланған шаралар
19.00 – "Астана Опера" театрының қойылымындағы Петр Чайковскийдің "Щелкунчик" балеті. Онлайн-трансляция Tengrinews.kz/tv/. каналында жасалады.
Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.