НҰР-СҰЛТАН, 3 сәуір - Sputnik. Алматы мен астана тұрғындары тағы бір апта жұмысқа бармайды. Мемлекеттік комиссия осындай шешім қабылдады.
"Мемлекеттік комиссия коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу үшін Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында бұл режимді 13 сәуірге дейін ұзартты. Бұл тұрғындар денсаулығы және мегаполистер тіршілігі үшін маңызды мекемелерден басқа барлық кәсіпорындар мен ұйымдарға қатысты", - деп жазылған хабарламада.
Сондай-ақ, мемлекеттік комиссия Шымкент әкімінің қалада 4 сәуір сағат 21.00-ден бастап карантин енгізу туралы ұсынысын қолдады.
Денсаулық сақтау министрлігінің ұсынысымен Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында инфекциялық аурухана салу туралы шешім қабылданды.
Тағы оқыңыз: "Бастығыңыз біледі, төменге түсіңіз деді" – карантинге жатқызылған еріктілердің әңгімесі
Еске сала кетсек, елде коронавирусқа байланысты төтенше жағдай режимі енгізілген болатын.
Қазіргі уақытта дейін індетке шалдыққан 448 адам тіркелді.