Ресей басшысының алдыңғы үндеуі 25 наурызда жасалды.
Владимир Путин мемлекеттің белсенді әрекет ететінін айта келе, індеттің тез таралуын болдырмауға бағытталған шараларды, сондай-ақ азаматтар мен бизнесті қолдауды ұсынды.
Осындай шаралардың бірі Ресей президенті жариялаған жұмыссыз апта болды, бұл уақытта ресейліктердің жалақысы сақталады.
Сондай-ақ Путин жұмыссыздық бойынша жәрдемақыны ең төменгі жалақы деңгейіне дейін арттыруды, кредиттік каникул жариялауды, алдағы алты айда барлық әлеуметтік төлемді сақтауды және басқа да бірқатар шараны қолға алуды тапсырды.