АЛМАТЫ, 2 сәуір – Sputnik. Түркістан облысы басшысының баспасөз қызметі бүгін коронавирус жұқтырғаны анықталған алты науқас жайлы ақпарат таратты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Жетісай ауданында 3 адам, Кентау қаласы, Ордабасы ауданы, Сайрам ауданында бір науқастан тіркелді", - делінген ақпаратта.
Ордабасы мен Сайрам ауданындағы екі тұрғынның бұған дейін Шымкент қаласында тіркелген науқастың туысы екені мәлім болды. Олар қазір оқшауланып, ем алып жатыр.
Оқи отырыңыз: Алматы облысында 22 мыңға жуық адам қатаң карантинге алынды
Сонымен қатар облыста науқастармен байланыста болғандарды анықтау, оқшаулау жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Қазір Түркістан облысында коронавирус індетін жұқтырған 11 адам бар.