НҰР-СҰЛТАН, 2 сәуір – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әскери міндеттілерді арнаулы жиындарға шақыру туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
"Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің аумақтық әскерлерін жасақтау үшін әскери міндеттілер арнаулы жиындарға шақырылсын", - делінген жарлықта.
Астананың, республикалық маңызы бар қалалардың және облыстардың жергілікті атқарушы органдарына шақырылатын әскери міндеттілердің санын және арнаулы жиындарды өткізу мерзімдерін айқындай отырып, тиісті жергілікті әскери басқару органдары арқылы әскери міндеттілерді арнаулы жиындарға шақыруды ұйымдастыру тапсырылды.
Оқи отырыңыз: Қазақстанда әскерге шақыру тоқтатылды
Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.