Аңдатпа

Қазақстанда 3 сәуірде қандай маңызды оқиғалар болады

© Sputnik / Абзал КалиевПустынные улицы Нур-Султана во время карантина
Пустынные улицы Нур-Султана во время карантина - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Sputnik Қазақстан 3 сәуірде болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды. Сондай-ақ, 4-8 сәуір аралығында не жоспарланғанын біле аласыз

Қазақстанда президент төтенше жағдай режимін енгізуіне байланысты 16 наурыздан бастап көп адам қатысатын барлық шараға уақытша тыйым салынды. Алматы мен астана және бірқатар өңірлер карантинге жабылды. Сондай-ақ, мемлекеттік органдардың отырыстары онлайн-режимге көшті. Алайда біз алдағы күндерге жоспарланған шаралар жайлы хабардар етеміз. 

3 сәуірге жоспарланған шаралар

10:00 - ТЖ кезінде шағын және орта бизнесті қолдау туралы онлайн-брифинг. Спикерлер: Жаслан Мәдиев - ҚР Ұлттық экономика вице-министрі, Мәди Такиев - ҚР Ұлттық экономика вице-министрі.

11:00 - ҚР президентінің Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің аумақтық әскерлерін жасақтау үшін әскери міндеттілерді арнаулы жиындарға шақыру туралы Жарлығы бойынша түсіндірме. Спикер: Нұрлан Ермекбаев - ҚР қорғаныс министрі.

12:00 - ТЖ кезеңінде Қазақстандағы қашықтықтан білім беру туралы онлайн-брифинг. Спикер:
Асхат Аймағамбетов - ҚР Білім және ғылым министрі.

16:00 - Қазақстандағы коронавирустық инфекция бойынша ағымдағы жағдай туралы онлайн-брифинг.  Спикер: Елжан Біртанов - ҚР Денсаулық сақтау министрі.

17:00 - Қазақстандағы коронавирустық инфекция бойынша ағымдағы жағдай туралы онлайн-брифинг. Спикер: Дәурен Абаев - ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі

Онлайн-брифингтерді "Хабар24" телеарнасынан және coronavirus2020.kz сайтынан көре аласыз.

19.00 –"Астана Опера" театрының қойылымындағы Мұқан Төлебаевтың "Біржан-Сара" операсы. Онлайн-трансляция Tengrinews.kz/tv/. каналында жасалады.

4 сәуірге жоспарланған шаралар

18.00 – "Астана Опера" театрының қойылымындағы Арам Хачатурянның "Спартак" қойылымы. Онлайн-трансляция Tengrinews.kz/tv/. каналында жасалады.

5 сәуірге жоспарланған шаралар

18.00- "Астана Опера" театрының қойылымындағы Петр Чайковскийдің “Евгений Онегин” операсы. Онлайн-трансляция Tengrinews.kz/tv/. каналында жасалады.

7 сәуірге жоспарланған шаралар  

21.00 – "Карантиндегі жұлдыз" жобасы аясында қазақстандық әнші Құрмаш Махановтың онлайн-концерті ("Қазақтелеком" АҚ Youtube каналында трансляция жасалады).

8 сәуірге жоспарланған шаралар

19.00 – "Астана Опера" театрының қойылымындағы Петр Чайковскийдің "Щелкунчик" балеті. Онлайн-трансляция Tengrinews.kz/tv/. каналында жасалады.

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

Жаңалықтар
0