Қоғам

Нұр-Сұлтанда вирус жұқтырған 193 науқас екі мыңдай адаммен байланыста болған

© Sputnik / Абзал КалиевЖенщины в масках на улицах Нур-Султана после введения карантина
Женщины в масках на улицах Нур-Султана после введения карантина - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сәуле Қисықова індетке шалдыққан бір адам орта есеппен 11 адаммен араласқанын атап өтті. Оның жартысына жуығы отбасы мүшелері, туысқандары, әріптестері

НҰР-СҰЛТАН, 2 сәуір  – Sputnik. Елордада тіркелген 193 пациент 1 949 адаммен байланыста болғаны анықталды. Бұл туралы қаланың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Коронавирус табылған 193 пациенттің 1 949 адаммен байланыста болғаны анықталды. Оның 962-сі отбасы мүшелері, туысқандары, әріптестері мен ұшақта бірге болған жолаушылар. Ал 987-і вирус жұқтыруы мүмкін адамдар", - деді Қисықова онлайн брифингте.

Айтуынша, індетке шалдыққан бір адам орта есеппен 11 адаммен араласқан. Десе де, бір пациенттің 125 адаммен байланыста болған кездері де бар екен.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда барлық жолаушылар пойызы тоқтады

"Расталған 193 жағдайдың ішінде 123 адам бұған дейін стационарда оқшауланғандар немесе үй карантиніне алынғандар", деді басқарма басшысы.

Жаңалықтар
0