Қоғам

Министрлік коронавирусқа қатысты соңғы ақпаратты бөлісті

© AFP 2024 / THOMAS KIENZLEСотрудник лаборатории исследует пробу на коронавирус в пробирке
Сотрудник лаборатории исследует пробу на коронавирус в пробирке  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Коронавирус індетін жұқтырған тағы 3 адам тiркелді. Барлығы елде 372 адам індетке шалдыққаны хабарланды

НҰР-СҰЛТАН, 1 сәуір - Sputnik. Қызылорда, Ақтөбе және Алматы облыстарында коронавирус жұқтырған бір адамнан тіркелді. 

"Коронавирус індетін жұқтырған тағы 3 адам тiркелдi, Қызылорда облысында - 1 адам, Ақтөбе облысында - 1 адам, Алматы облысында - 1 адам", - деп жазылған денсаулық сақтау министрлігі таратқан ақпаратта.

Қазақстанда барлығы 372 адамда COVID-19 расталды. Нұр-Сұлтан қазір коронавирус жұқтырғандар бойынша көш басында тұр. Соңғы деректер бойынша қалада 184 дертке шалдықты. Жергілікті билік инфекцияның одан әрі таралуына жол бермеу үшін қатаң шаралар қабылдады.

Індеттен республика бойынша үш адам қайтыс болды. Коронавирустан бірінші Ақмола облысының 64 жастағы тұрғыны 26 наурызда көз жұмған еді. Екінші 50 жастағы қазақстандық 31 наурызда қайтыс болды. Бүгін үшінші адам Қарағанды облысында көз жұмды.

Тағы оқыңыз: "Қоштасуға 30 минут беріледі": бас санитар індеттен көз жұмғандарды жерлеу туралы айтты

Жаңалықтар
0