Қоғам

Министр 42 500 теңге туралы: табыстан айырылғанын дәлелдеудің қажеті жоқ

© Sputnik / Абзал КалиевНациональная валюта Казахстана тенге
Национальная валюта Казахстана тенге - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жеке адвокаттар, нотариустар, сот орындаушылары, медиаторлар, азаматтық-құқықтық сипаттағы келісімшартпен жұмыс істейтіндер, яғни фрилансерлер де жәрдемақы алады 

НҰР-СҰЛТАН, 1 сәуір – Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов төтенше жағдайда табыстан айырылуына байланысты 42 500 теңгенің кімге берілетінін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Біріншіден, жалдамалы қызметкерлер, сосын орта және шағын кәсіпорындарда ақысыз демалысқа жіберілген жұмысшылар. Карантин жарияланған қалалардағы ірі кәсіпорындар да жатады. Екіншіден, жеке тұлғалар және "самозанятый" дейміз, ішінде жеке кәсіпкерлер де бар", - деді Нұрымбетов бүгінгі онлайн брифингте. 

Министрдің айтуынша, жеке адвокаттар, нотариустар, сот орындаушылары, медиаторлар, азаматтық-құқықтық сипаттағы келісімшартпен жұмыс істейтіндер, яғни фрилансерлер де жәрдемақы алады. 

"Бірыңғай жиынтық төлемін жасаған азаматтар да кіреді. Бізде соңғы он екі айда 316 мың адам бір рет болса да, бірыңғай жиынтық төлем аударған. Енді, ешқандай құжат тапсырудың қажеті жоқ. Тек қана өтініш беріледі. Өтінішті жұмыс беруші ұсынса, оған жұмысшылардың тізімін де қосады. Бұл жерде төтенше жағдайға байланысты табыстан айырылғанды дәлелдеудің қажеті жоқ. Өтініште көрсетілген мәліметтер қабылданады", - деп атап көрсетті Нұрымбетов.

Министр бұл төлемдердің бір кассадан беріліп жатқан ақша емес екеніне аса назар аударды.

"Ол мемлекеттік сақтандыру қорынан, жүйеден төленіп жатыр. Сондықтан осы жүйенің жұмыс істеуі үшін сіздердің сол жерде бір рет тіркелуіңіз қажет болып отыр. Бірақ ондай төлемдерді ешқашан төлемеген азаматтар да бар. Олар – бейресми жұмыс істеп жүргендер. Еңбек шарттары жоқ, салық төленбеген. Бірақ олар да табысынан айырылды. Ондай адамдар бірыңғай жиынтық төлемді бір рет төлесе жеткілікті", - деді Нұрымбетов.

Тағы оқыңыз: Төтенше жағдайға байланысты 42 500 теңгені алу үшін не істеу керек

Айта кетейік, бірыңғай жиынтық төлемінің көлемі қалада 2 651 теңге, ал ауылда 1  325 теңгені құрайды. Бейресми жұмыс істеп жүргендер осы соманы төлесе, 42 500 теңгені ай сайын алатын болады.

Жаңалықтар
0