Экономика

42 500 теңгені алу үшін арнайы сайт ашылады

CC0 / Thomas Breher / Клавиатура
Клавиатура - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазіргі кезде өтініштердің көптеп түсуіне байланысты электронды үкімет порталы дұрыс істемей қала береді. Сол себепті арнайы сайт ашып, сол арқылы өтініш қабылдауға шешім қабылданды

НҰР-СҰЛТАН, 1 сәуір – Sputnik. Төтенше жағдайда табыстан айырылғандарға берілетін 42 500 теңгені алу үшін арнайы сайт ашылады. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов мәлім етті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Министрдің айтуынша, қазіргі кезде өтініштердің көптеп түсуіне байланысты электронды үкімет порталы дұрыс істемей қалады. Сол себепті арнайы сайт ашып, сол арқылы өтініш қабылдауға шешім қабылданды.

"Электронды үкімет порталына көп жүк түсіп, адамдар оған кіре алмай отыр. Сондықтан еңбек министрлігі "BTS" компаниясымен бірлесіп, ертең осы 42 500-ге арнайы сайт ашамыз. Ол сайтта адам өз мәліметін енгізіп, өтініш береді. Сосын элекронды қолтаңба арқылы емес, СМС арқылы паролін алып, қол қоятын болады", - деді Нұрымбетов бүгінгі онлайн брифингте.

Оның айтуынша, компьютер жоқ болса, өтінішті ұялы телефонмен де беруге болады. Ол үшін ертеңнен бастап Telegram-бот іске қосылады.

"Telegram деген ұялы қосымшасын жүктеу керек. Сол жерде 42 500 теңгеге арналған арнайы қызмет болады. Соған өз мәліметіңізді, есепшотыңызда енгізесіз де, СМС арқылы өз қолтаңбаңызды растайсыз. Қазір біз осы техникалық шешімдерді іске асыруға барлық күшімізді салып жатырмыз. Ертең таңертең бәрі іске асады. Сондықтан бүгін кешке қарай сайтқа қатысты қосымша ақпаратты тарататын боламыз", - деп атап көрсетті Нұрымбетов.

Әлеуметтік төлем кімдерге беріледі

  • Микро, ШОБ субъектілерінің жұмысшылары;
  • Жеке кәсіпкерлер;
  • Жеке практикамен айналысатындар;
  • Бірыңғай жиынтық төлем төлеушілер;
  • Азаматтық-құқықтық сипаттағы келісімшарт бойынша табыс табатындар,
  • Каратинге алынған елді мекендердегі ірі бизнес субъектілерінің жұмысшылары.
Жаңалықтар
0