Өңірлер

Қызылорда облысында қызын ұзатқан әкеге айыппұл салынды

© Sputnik / Владимир Вяткин / Медиабанкке өтуНевеста плачет, архивное фото
Невеста плачет, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Төтенше жағдай кезінде той өткізген қызылордалық 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл төлейтін болды

НҰР-СҰЛТАН, 31 наурыз – Sputnik. Қызылорда облысында төтенше жағдайға қарамастан қызының ұзату тойын жасаған тұрғын жауапқа тартылды.

27 наурыз күні ескертулерге құлақ аспай, той өткізіп жатқандар туралы бейнежазба әлеуметтік желілер арқылы облыс тұрғындары арасында кеңінен тарады, деп хабарлады Polisia.kz.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда төтенше жағдай режимін бұзған 60-тан аса адам қамауға алынды

Полиция қызметкерлері бұл деректі дереу тексеруге кірісті. Нәтижесінде 27 наурыз күні сағат 17:30 шамасында Қызылорда облысы Жаңақорған ауданының тұрғыны қызының ұзату тойын жасағаны анықталды.

"Той иесіне қатысты Қазақстан Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 476-бабына сәйкес әкімшілік хаттама толтырылып, құжаттар сотқа жолданды", - деп хабарлады полицейлер.

Онлайн-режимде өткен сот шешімімен оған 10 айлық есептік көрсеткіш (26 510 теңге – Sputnik) мөлшерінде айыппұл салынды.

Шектеу енгізілгелі облыс аумағында төтенше жағдай режимін бұзып, осындай той жасаған 13 жеке тұлға әкімшілік жауапқа тартылды.

Ішкі істер органдары тұрғындардан шектеу шараларына түсіністікпен қарап, елімізде жарияланған төтенше жағдай режимін сақтауды сұрады.

Жаңалықтар
0