Экономика

Кәсіпкерлер 1 қазанға дейін салықтан босатылды

© SputnikНалоговый кодекс РК
Налоговый кодекс РК - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Президент тапсырмасына сәйкес, сауда, көлік қызметі, қонақүй, туризм және басқа да салалар осындай қолдауға ие болады

АЛМАТЫ, 31 наурыз – Sputnik. Шағын және орта бизнес өкілдері бірінші қазанға дейін еңбекақы төлеу қорынан ұсталатын салықтан босатылады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев осындай мәлімдеме жасады.

"Шағын және орта бизнес өкілдерін биыл бірінші қазанға дейін еңбекақы төлеу қорынан ұсталатын салықтан босатуды тапсырамын. Мұндай қолдау сауда, көлік қызметі, қонақүй, туризм және басқа да салаларды қамтиды", - деді ол.

Сондай-ақ, кәсіпкерлерге көмек ретінде әкімдіктер жергілікті кәсіпорындардың өнімін кем дегенде алты ай бойы кепілді сатып алу тәртібін жолға қоюы керек.

Сонымен қатар ауыл шаруашылығымен айналысатын кәсіпкерлерге бюджеттен 70 миллиард теңге бөлінді.

"Ауыл шаруашылығымен айналысатын кәсіпкерлерге де қолдау көрсетіледі. Атап айтқанда, бюджеттен 70 миллиард теңге бөлінеді. Көктемгі егіс науқаны үшін "Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасы арқылы қосымша 100 миллиард теңге бөлуді тапсырамын. Ең алдымен шағын және орта шаруа қожалықтарына қолдау көрсеткен жөн", - деді мемлекет басшысы. 

 

Жаңалықтар
0