Қоғам

"Басты тойларымыз әлі алда": Тоқаев қазақстандықтарға үндеу жасады

© Sputnik / Владислав ВодневПрезидент Касым-Жомарт Токаев открыл расширенное заседание правительства
Президент Касым-Жомарт Токаев открыл расширенное заседание правительства - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Президент мұқтаж жандарға көмек көрсетілетінін, Қазақстан бұл сынақтан да сүрінбей өтетініне сенетінін айтты

АЛМАТЫ, 31 наурыз – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халықты шыдамдылық, төзімділік пен жауапкершілік танытуға шақырды, деп хабарлады Sputnik Қазақстан.

"Коронавирус індетіне байланысты баршамыз күрделі кезеңді өткеріп отырмыз. Бұл – уақытша қиындық. Біз оны міндетті түрде жеңеміз. Бүкіл әлем күресуде. Біз де бар күш-жігерімізді саламыз",- деді президент үндеуінде.

Сондай-ақ, Тоқаев мұқтаж жандарға көмек көрсетілетінін, бұл сынақтан да сүрінбей өтетінімізге сенетінін айтты.

"Біз мемлекет және қоғам болып барша азаматтарымызға қолдау көрсетеміз, ешкімді көмексіз қалдырмаймыз. Мұқтаж адамдарға қол ұшын береміз. Бұған ешқандай күмән болмауы керек. Ең бастысы, шыдамдылық, төзімділік және жауапкершілік танытайық. Біз рухы асқақ, бірлігі бекем, еңсесі биік халықпыз. Сондықтан, бұл сынақтан да сүрінбей өтіп, қиындықты бірге еңсереміз деп сенемін. Басты тойларымыз әлі алда",- деді ол.

Оқи отырыңыз: Президент үкіметке жанармай бағасын арзандатуды тапсырды

Айта кетейік, бүгін мемлекет басшысы инфляцияның артуына байланысты зейнетақы, мемлекеттік жәрдемақы және атаулы әлеуметтік көмек мөлшері он процентке индексацияланатынын айтты.

Сондай-ақ, шағын және орта бизнес өкілдері 1 қазанға дейін еңбекақы төлеу қорынан ұсталатын салықтан босатылатынын, 800 мыңнан астам қазақстандыққа тегін азық-түлік берілетінін хабарлады.

Жаңалықтар
0