НҰР-СҰЛТАН, 31 наурыз — Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев телеарналар арқылы мәлімдеме жасайды.
"Бүгін сағат 21:00-де Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық телеарналардың эфирінен еліміздегі төтенше жағдайға және мемлекеттің экономика мен әлеуметтік саладағы дағдарысқа қарсы іс-шараларына байланысты мәлімдеме жасайды", - деп жазды президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли.
Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев елде шағын және орта бизнес өкілдерінен түсіп жатқан көптеген өтініштерге байланысты елде әлеуметтік-экономикалық қолдау шараларының жаңа түрі әзірленіп жатқанын хабарлаған болатын.
Қазақстандағы төтенше жағдай
Мемлекет басшысының жарлығымен 16 наурыз - 15 сәуір аралығында елде коронавирусқа байланысты төтенше жағдай режимі енгізілді.
19 наурыздан бастап Алматы және астанада карантин жарияланды. 28 наурызда карантин күшейтілді.
30 наурыз - 5 сәуір аралығында елорда тұрғындары мен алматылықтар тек азық-түлік дүкеніне, дәріханаға және жұмысқа ғана бара алады.