Әлем

Норвегияның жоспары мұнай нарығына қалай әсер етеді?

© Sputnik / Борис Бабанов / Медиабанкке өтуОбустроенная скважина на нефтяном месторождении Тенгиз
Обустроенная скважина на нефтяном месторождении Тенгиз - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазірдің өзінде Еуропадағы мұнай өңдеу зауыттары қосымша шикізатты қабылдау былай тұрсын, мұнай өңдеуді де қысқартып жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 31 наурыз – Sputnik. Норвегия мұнай өндіру көлемін арттыруға мүдделі. Sputnik радиосына сұхбат берген сарапшы Игорь Юшков осы жоспарға қатысты пікір білдірді.

Bloomberg агенттігі таратқан ақпаратқа сәйкес, Норвегия мұнай бағасының күрт төмендеуіне қарамастан, "қара алтынды" өндіру көлемін арттырмақшы. Атап айтқанда, осы елдің "Equinor ASA" мемлекеттік компаниясы Солтүстік теңізде орналасқан "Йохан Свердруп" кен орнында өндірілетін мұнайды күніне 470 мың баррельге дейін жеткізуді көздейді.

Компания өз жоспарын бір ай бұрын, яғни мамыр айында орындауға мүдделі. Оған қоса, жоспардың көлемі тәулігіне 30 мың баррельге артық жасалмақшы. Бұл алдындағы болжамнан артық. Ал 2022 жылдың соңында Норвегия күн сайын 690 мың баррель мұнай өндіреді деген жоспар бар.

РФ үкіметі жанындағы қаржы университетінің сарапшысы, ұлттық энергетикалық қауіпсіздік қорының жетекші талдаушысы Игорь Юшков норвегиялық жоспардың орындалатынына күдіктеніп отыр.

"Негізі, Норвегияның артық өндіретін мұнайы тым көп деп айтуға болмайды. Мысалы, Сауд Арабиясы мұнай өндіруді тәулігіне үш миллион баррельге дейін жеткізетінін мәлімдеген. Онымен салыстырғанда, Норвегияның қосымша жоспары көп емес. Алайда, осы орайда бір сұрақ туындайды. Нарық қосымша мұнайды қорыта ала ма? Меніңше, қазіргі жағдай норвегиялық компанияның жоспарына өзгеріс енгізуі мүмкін", – деді Юшков.

Оның айтуынша, нарықта артық мұнайды ешкім алмайды. Қазірдің өзінде Еуропадағы мұнай өңдеу зауыттары қосымша шикізатты қабылдау былай тұрсын, мұнай өңдеуді де қысқартып жатыр. Себебі, Еуропада карантиндік шаралар кезінде мұнай өнімдеріне сұраныс төмендеп кеткен. 

Оқи отырыңыз: Мұнай бағасы мен баламалы энергетиканың құлдырауы кімге пайдалы

"Бір айдың ішінде мұнайды сақтау қоймалары толады. Сол кезде сұраныстың көлемі күрт төмендеп кетеді. Көбісі мұнайды сатып алудан бас тартады. Сол себепті норвегиялықтар қосымша мұнайды сата алмайтын сияқты", – деп атап көрсетті сарапшы.

Жаңалықтар
0