Қоғам

Коронавирус жұқтырған медицина қызметкерлеріне 2 млн теңге төленеді 

© Photo : НАО "Медицинский университет Астана"Преподаватели кафедры инфекционных болезней ведут онлайн обучение по коронавирусу врачей по регионам
Преподаватели кафедры инфекционных болезней  ведут онлайн обучение по коронавирусу  врачей по регионам - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Медицина қызметкері қайтыс болған жағдайда мемлекеттен он миллион теңге көлеміндегі өтемақы төленеді

НҰР-СҰЛТАН, 30 наурыз – Sputnik. Қазақстанда коронавирус індетіне шалдыққан ақхалаттыларға екі миллион теңге төленеді. Бұл туралы ақпарат және қоғамдық даму минмстрі Дәурен Абаев мәлімдеді. 

"Медицина қызметкерлерінің денсаулығы мен өмірін сақтандыру мәселесі де пысықталды. Олар ауырып қалған жағдайда, екі миллион теңге сақтандыру төлемі беріледі. Құдай сақтасын, бірақ егер медицина қызметкері қайтыс болған жағдайда 10 миллион теңге өтемақы төленеді", - деді Абаев онлайн брифингте. 

Бұған дейін ол вируспен күресіп жатқан дәрігерлерге төленетін үстемақы туралы айтқан еді. Үстемеақы 212 мың  теңгеден 850 мың теңгеге дейін. Ол үш айы бойы төленеді.

Еске сала кетсек, үкімет басшысы медицина қызметкерлерінің денсаулығы мен өмірін сақтандыруды қамтамасыз етуді тапсырған болатын.

Тағы оқыңыз: Абаев қандай дәрігерлер айына 1 миллион теңге алатынын айтты

Жаңалықтар
0