Қоғам

Дәрігер Алматыда COVID-19-ды кімдер жиі жұқтыратынын айтты

© REUTERS / CDCЦветное изображение коронавируса
Цветное изображение коронавируса   - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Коронавирус табылған 26 адам өзге елдерден келген, олар 45 адамға жұқтырған. Ал вирусты қалада жұқтырғандар – үш процент

АЛМАТЫ, 30 наурыз – Sputnik. Алматы қаласы тауарлармен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Айзат Молдағасымова коронавирусты көп жағдайда кімнің жұқтырғанын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Молдағасымованың айтуынша, Алматыда ауру табылғандардың ішінде әйелдердің саны ерлерге қарағанда әлдеқайда көп. Науқастардың 62,5%-і әйелдер, ал қалған 37,5% – ер адамдар. 

Сондай-ақ, ол қала бойынша ауру расталғандардың жасына да тоқталды.

"Талдау нәтижесі бойынша ең көп ауыратындар 30-дан 39 жасқа дейінгі адамдар. Екінші орында 20-29 жастағылар, ал үшіншіорында 50-ден 59 жасқа дейінгі тұрғындар", - деді Молдағасымова.

Айтуынша, ауру анықталғандардың басым бөлігі Мәскеуден келген (40%). 23% Берлиннен, 20%-і Санкт-Петербург-Алматы рейсімен, 17%-і Минсктен келген. Жалпы алғанда науқастардың 97%-і шетелден келгендер.

"Коронавирус табылған 26 адам өзге елдерден келген, олар 45 адамға жұқтырған. Жергілікті жағдай – үш процент. Олар да басқа адамдармен байланыста болған", - деді Алматы қаласының бас санитар дәрігері.

Алматыда коронавирус инфекциясын жұқтырудың 73 жағдайы тіркелді, оның ішінде жеті адам жазылып, ауруханадан шықты. Барлығы Қазақстан бойынша 302 адамда коронавирус расталды.

Жаңалықтар
0