Өңірлер

Ақтөбе облысында тағы 1 адам коронавирус індетін жұқтырды

© Sputnik / Владислав ВодневПробирка с коронавирусом 2019-nCoV
Пробирка с коронавирусом 2019-nCoV - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бүгінгі таңда республикада коронавирусты жұқтыру дерегі 15 облыс пен республикалық маңызы бар қалада тіркелді

НҰР-СҰЛТАН, 30 наурыз – Sputnik. Ақтөбе облысында тағы 1 адам коронавирус індетіне шалдықты, деп хабарлады жедел штаб.  

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 284 адамға жетті:  

  • Нұр-Сұлтан қаласында – 167,
  • Алматы қаласында – 70,
  • Шымкент қаласында – 2,
  • Ақмола облысы – 6,
  • Ақтөбе облысында – 2,
  • Алматы облысында – 6,
  • Атырау облысында – 12,
  • Шығыс Қазақстан облысы – 2,
  • Жамбыл облысында – 3,
  • Батыс Қазақстан облысында – 2,
  • Қарағанды облысы – 7,
  • Қызылорда облысы – 2,
  • Маңғыстау облысы – 1,
  • Павлодар облысында – 1,
  • Солтүстік Қазақстан облысында – 1.

Коронавирустан барлығы 20 адам жазылып шықты, 64 жастағы әйел қайтыс болды.

Ақтөбе облысы карантинге жабылады

31 наурыздан бастап Ақтөбе облысына кіруге тыйым салынады. Жергілікті билік тұрғындарды ерекше қажеттілік болмаса үйден шықпауға шақырды.   

Осылайша, транзиттік автокөлікті, сондай-ақ азық-түлік тауарлары мен дәрі-дәрмек тиелген автокөлікті қоспағанда, көлік құралдарының барлық түріне және азаматтарға Ақтөбе облысы мен Ақтөбе қаласы аумағына кіріп-шығуға тыйым салынады.

Барлық мемлекеттік және жеке балабақша; ірі сауда орталықтары (оларда орналасқан азық-түлік дүкендері мен дәріханалардан басқа), саябақтар, үй жануары дүкендері, монша кешендері, сұлулық салондары, шаштараз, балаларды дамыту орталықтары және адам көп жиналатын басқа да нысандар; азық-түлік, мал, автокөлік, киім, құрылыс заттары базарлары жабылады.  

Сондай-ақ супермаркеттер мен гипермаркеттердің, тамақтану орындарының (дәмханалар, мейрамханалар, барлар, асханалар және басқалар) жұмысын тоқтата тұруға ұйғарым жасалды, оларға тәулік бойы тапсырыстарды жеткізіп беруге рұқсат етіледі.   

Бұған дейін қай қалалар мен өңірлер карантинге жабылды

Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкенттің тұрғын үй алабы карантинге жабылды, бүгіннен бастап (30 наурыз) Ақтау, Атырау және Қарағанды ​​облысының бес қаласы (Қарағанды, Абай, Саран, Теміртау және Шахтинск) жабылды.

31 наурыздан бастап Қостанай облысы өз шекарасын жауып жатыр – бұл өңірде коронавирус індеті тіркелген жоқ.  

  

Жаңалықтар
0