Қоғам

Абаев қандай дәрігерлер айына 1 миллион теңге алатынын айтты

© Sputnik / Владислав ВодневТенге, деньги
Тенге, деньги - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия медицина қызметкерлерінің еңбекақысына үстемақы белгілеу туралы шешім шығарды

НҰР-СҰЛТАН, 30 наурыз – Sputnik. Президенттің тапсырмасымен эпидемияға қарсы шараларға жұмылдырылған дәрігерлерге үш ай бойы төленетін үстемақының мөлшері белгілі болды. Бұл туралы ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Медицина қыметкерлері жұмысының қауіптілігіне қарай үш топқа бөлінген.

"Бірінші топ - реанимацияи бөлімдерімен қоса алғанда, жұқпалы аурулар стационарларының дәрігерлері, орта және кіші медицина қызметкерлері. Барлығы 3 284 маман. Олардың жалақысына үстемақы айына 850 мың теңгені құрайды. Яғни, орташа айлықты қосқанда, олар айына шамамен бір милоионның үстінде алады", - деді Абаев онлайн-брифингте.

Екінші топ - провизорлық стационарлар мен жедел жәрдем қызметкерлерінің дәрігерлері, орта және кіші медицина қызметкерлері. Барлығы 11 951 маман.

Министрдің сөзінше, олардың үстемақысы айына 425 мың теңгені құрайды. Яғни орташа жалақысын қосқанда, айына шамамен 600 мың теңге алып тұрады.

Ал үшінші топ - карантиндік стационарлар дәрігерлері, орта және кіші медицина қызметкерлері, санитарлық дәрігерлер, жедел жәрдем жүргізушілері және тағы басқалары. Барлығы 10 994 қызметкер.

Олар айына 212 мың теңге үстемақы алады. Яғни орташа айлығын қос есептегенде, ай сайын 380 мың теңге төленеді.

Тағы оқыңыз: Нұр-Сұлтанда коронавируспен ауырған он адам ауруханадан шығарылады

 

Жаңалықтар
0