НҰР-СҰЛТАН, 30 наурыз – Sputnik. Қазақстанда тағы тоғыз адам қауіпті вирус жұқтырды, деп хабарлайды коронавируспен күрес жөніндегі жедел штаб.
"30 наурыз сағат 11:10 жағдай бойынша коронавирус індетін жұқтырған тағы 9 адам тiркелді, Алматы қаласында - 3 адам, Қызылорда облысында - 3 адам, Ақмола облысында - 3 адам", - делінген хабарламада.
Республикада коронавирус жұқтырғандар саны 293 адамға жетті.
- Нұр-Сұлтан қаласы - 167 адам
- Алматы қаласында – 73
- Қарағанды облысында - 7
- Ақмола облысында - 9
- Атырау облысы - 12
- Жамбыл облысында -3
- Шымкентте - 2
- Шығыс Қазақстан облысында - 2
- Алматы облысында - 6
- Ақтөбе облысында - 2
- Солтүстік Қазақстан облысында - 1
- Павлодар облысында - 1
- Маңғыстау облысында - 1
- Қызылорда облысында - 5
- Батыс Қазақстан облысында - 2.