НҰР-СҰЛТАН, 29 наурыз – Sputnik. Қазақстанда коронавирус жұқтырған науқастар саны 265-ке жетті, деп хабарлайды коронавируспен күрес жөніндегі жедел штаб.
"29 наурыз сағат 14:40-тағы жағдай бойынша коронавирус індетін жұқтырған тағы 14 адам тiркелді, Нұр-Сұлтан қаласында - 11 адам, Алматы қаласында - 3 адам", - делінген хабарламада.
Осылайша, елімізде 265 адам тіркеліп отыр.
- Нұр-Сұлтан қаласы – 162 адам
- Алматы қаласында – 67 адам
- Қарағанды облысында – 7
- Ақмола облысында - 6 адам
- Атырау облысы - 6 адам
- Жамбыл облысында -3 адам
- Шымкент қаласында - 2 адам
- Шығыс Қазақстан облысында - 2 адам
- Алматы облысында - 4 адам
- Ақтөбе облысында - 1 адам
- Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адам
- Павлодар облысында - 1 адам
- Маңғыстау облысында - 1 адам
- Қызылорда облысында - 2 адам.