НҰР-СҰЛТАН, 29 наурыз – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке дәрігерлерге қаржылай қолдау көрсетуді тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Санитарлық-эпидемиологиялық саладағы күрделі кезеңде еңбек етіп жатқан дәрігерлерді қаржылай қолдаудың жаңа пакеті қажет. Олар соған лайықты. Үкімет есептеулерді жүргізуде", - деп жазды президент твиттерде.
Санитарлық-эпидемиологиялық саладағы күрделі кезеңде еңбек етіп жатқан дәрігерлерді қаржылай қолдаудың жаңа пакеті қажет. Олар соған лайықты. Үкімет есептеулерді жүргізуде. Қабылданған шешім дүйсенбіде жарияланады.
— Qasym-Jomart Toqayev (@TokayevKZ) March 29, 2020
Қабылданған шешімді үкімет дүйсенбі, 30 наурызда жария етеді.
Соңғы деректер бойынша республикада коронавирус жұқтырған науқастардың жалпы саны – 229. Оның ішінде 18 адам жазылып шықты, бір адам қайтыс болды.
- Нұр-Сұлтан қаласында - 135 адам
- Алматы қаласында – 60 адам
- Қарағанды облысында – 7
- Ақмола облысында - 6 адам
- Атырау облысы - 5 адам
- Жамбыл облысында - 3 адам
- Шымкент қаласында - 2 адам
- Шығыс Қазақстан облысында - 2 адам
- Алматы облысында - 4 адам
- Ақтөбе облысында - 1 адам
- Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адам
- Павлодар облысында - 1 адам
- Маңғыстау облысында - 1 адам
- Қызылорда облысында - 1 адам.