НҰР-СҰЛТАН, 28 наурыз – Sputnik. Қазақстанда коронавирус инфекциясынан жазылып шыққандар саны 15 адамға жетті, деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлігінің жедел штабы.
Бүгінгі таңда Нұр-Сұлтанда 13 адам, ал Алматыда екі адам дертінен айықты.
26 наурызда қант диабетімен ауыратын әйел коронавирустан қайтыс болды.
Тағы оқыңыз: Алматыда коронавирус жұқтырған 12 жастағы қыз дертінен айықты
Қазір республикада індетке шалдыққандар саны 204 адамға жетті:
- Нұр-Сұлтан – 117
- Алматы – 58
- Қарағанды - 4
- Жамбыл облысы - 3 случая,
- Атырау облысы - 4
- Ақмола облысы - 5
- Шымкент - 2
- Шығыс Қазақстан облысы - 2
- Алматы облысы - 4
- Ақтөбе облысы – 1
- Солтүстік Қазақстан облысы - 1
- Павлодар облысы -1
- Маңғыстау облысы - 1
- Қызылорда облысы - 1