Қоғам

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 204 адамға жетті  

© Sputnik / Владислав ВодневПробирка с коронавирусом 2019-nCoV
Пробирка с коронавирусом 2019-nCoV - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Коронавирус індетін жұқтырған тағы 11 адам тіркелді, оның оны Нұр-Сұлтан қаласында, біреуі Алматы қаласында

НҰР-СҰЛТАН, 28 наурыз – Sputnik. Қазақстанда тағы 11 адам коронавирус жұқтырды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтанда коронавируспен ауырған он адам ауруханадан шығарылады 

Осылайша, елімізде науқастардың саны 204 адамға жетті, оның ішінде:

  • Нұр-Сұлтан қаласында – 117,
  • Алматы қаласында – 58,
  • Қарағанды қаласында – 4,
  • Шымкент қаласында – 2,
  • Ақмола облысы – 5,
  • Алматы облысында – 4,
  • Ақтөбе облысында – 1,
  • Атырау облысында – 4,
  • Шығыс Қазақстан облысы – 2,
  • Жамбыл облысында – 3,
  • Қызылорда облысы – 1,
  • Павлодар облысында – 1,
  • Солтүстік Қазақстан облысында – 1,
  • Маңғыстау облысы – 1.

Еске сала кетейік, бұған дейін он үш адамның сауығып, тағы бір әйелдің қайтыс болғаны белгілі болды.

16 наурыздан бастап елде төтенше жағдай жарияланды. Режим отыз тәулікке созылады. Ал астана мен Алматы карантинге жабылды. 

 

Жаңалықтар
0