Экономика

Қазақстан мен Өзбекстан арзан автобустар мен жүк көліктері өндірісін іске қосты

© Photo : официальный сайт премьер-министра КазахстанаПремьер-министр Казахстана Аскар Мамин принял участие в запуске проекта по сборке Chevrolet
Премьер-министр Казахстана Аскар Мамин принял участие в запуске проекта по сборке Chevrolet - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"Chevrolet Damas" автобусы мен "Chevrolet Labo" жүк машинасының түпкілікті құны шамамен 3 миллион теңге болады

НҰР-СҰЛТАН, 28 наурыз – Sputnik. Қазақстан премьер-министрі Асқар Мамин Қостанай қаласына жұмыс сапары барысында Қостанай автомобиль зауытында "Chevrolet" маркасы жаңа модельдерінің Қазақстан-Өзбекстан бірлескен автоқұрастыру желісінің ашылу салтанатына қатысты.

© Photo : официальный сайт премьер-министра Казахстана"СарыарқаАвтоӨнеркәсіп" ЖШС және "UzAuto Motors" АҚ бірлескен жобасы ресми түрде іске қосылды
Қазақстан мен Өзбекстан арзан автобустар мен жүк көліктері өндірісін іске қосты - Sputnik Қазақстан
"СарыарқаАвтоӨнеркәсіп" ЖШС және "UzAuto Motors" АҚ бірлескен жобасы ресми түрде іске қосылды

Жаңа өндірістік желіде осы жылдың соңына дейін мыңнан астам жоғары өнімді жұмыс орны ашылады, бұл қызмет көрсету мен өндіріс секторлары арасындағы жұмыс күші ағынының өсуі тұрғысынан ерекше маңызға ие. Қазіргі таңда зауыт толық жүктемемен үш ауысымда жұмыс істейді, деп хабарлады Қазақстан премьер-министрінің ресми сайты.

Мамин үшінші елдерден тауарлар мен қызметтердің импортына тәуелділікті төмендету мақсатында Қазақстан мен Өзбекстанның өндірістік процестерін интеграциялаудың өзектілігі артып келе жатқанын атап өтті.

© Photo : официальный сайт премьер-министра КазахстанаҚазақстан премьер-министрі Асқар Мамин Қостанайда Chevrolet өндірісін ашты
Қазақстан мен Өзбекстан арзан автобустар мен жүк көліктері өндірісін іске қосты - Sputnik Қазақстан
Қазақстан премьер-министрі Асқар Мамин Қостанайда Chevrolet өндірісін ашты

Жаңа өндірістік желіде "Chevrolet" маркалы автомобилінің Damas, Labo, Tahoe, Traverse, Trailblazer, Equinox, Malibu, Onix, Spark және тағы басқа бірнеше моделі құрастырылады. "Chevrolet Damas" автобусы мен "Chevrolet Labo" жүк машинасының қолжетімді түпкілікті құны шамамен 3 миллион теңгені құрайды, бұл олардың сауда, логистика, ауыл шаруашылығы және басқа да салалардағы шағын және орта бизнес үшін тартымдылығын арттырады.

Жаңалықтар
0