Sputnik радиостанциялар арасында ең көп сілтеме жасалатын радио атанды

© Sputnik / Алексей Куденко / Фотобанкке өтуСтудия радио Sputnik
Студия радио Sputnik - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Yandex newsTelegram
Sputnik радиосына сілтеме жасау индексі 405,62-ні құраған, осылайша ол басты бәсекелестері –  "Говорит Москва" және "Эхо Москвы" радиостанцияларын артта қалдырып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 28 наурыз – Sputnik. "Медиалогия" компаниясының мәліметі бойынша 2020 жылдың ақпанында Sputnik радиосы Ресейдің ең көп сілтеме жасалатын радиостанциялар рейтингінде көш бастады.

Sputnik радиосына сілтеме жасау индексі 405,62-ні құрады. Ақпан айында Sputnik радиосы бәсекелесі саналатын "Говорит Москва" (323,29) радиостанциясымен арадағы айырмашылықты екі есеге ұлғайтқан.

Үздік үштікке "Эхо Москвы" (153,78) радиосы да енді.

Sputnik радиосы сайты 2019 жылдың басында іске қосылды. Ол жерде радиостанцияның тікелей эфирін, сондай-ақ бұған дейін жарияланған бағдарламаларды (подкаст) тыңдауға болады. Сайтта Ресей мен әлемде болып жатқан жаңалықтар, сараптамалық, авторлық мақалалар жарық көреді. Күн сайын Sputnik радиосына Ресейдің басты бұқаралық ақпарат құралдары сілтеме жасайды.

Жаңалықтар
0