Қоғам

Ақтау ерекше режимге көшеді

© Sputnik / Ксения ВоронинаАвтомобили на улицах Актау
Автомобили на улицах Актау - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Облыстың полиция департаментінің қызметкерлеріне карантин аймағын толығымен қоршау туралы тапсырма берілді

НҰР-СҰЛТАН, 28 наурыз – Sputnik. Ақтауда 30 наурыздан бастап шектеу шаралары енгізіледі, деп хабарлайды коронавируспен күрес жөніндегі жедел штаб.

Маңғыстау облысында коронавирус инфекциясын таратпау мақсатында облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ерғали Садымановтың қаулысымен аймақта мынадай шектеу шаралары енгізіледі:

  • 30 наурыздан бастап қоғамдық көлік қозғалысының эпидемияға қарсы режимі бекітіледі - 08:00-ден 19:00-ге дейін.
  • Тұрғындардың пәтерден шығуы (дүкен, дәріхана, қоқыс шығару, жұмысқа барудан басқа), көрші-қолаң, туған-туыс, әріптестердің және тағы басқа адамдардың келуі шектеледі.
  • Азаматтардың қоғамдық орындарда жүруін шектеу тапсырылды: саябақтарда, скверлерде, балалар және спорт алаңдарында.
  • Теміржол, әуе және автовокзал ғимараттарына жолаушыларды күтіп алушылар мен шығарып салушылардың кіруі шектеледі.
  • Облыстың полиция департаментінің қызметкерлеріне карантин аймағын толығымен қоршауға алып, Ақтау аумағына жаяу кіруге жол бермеу тапсырылды.

Қазақстанда екі қала – Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласы 19 наурыздан бастап карантинге жабылған. Шымкентте бір аудан карантинге жабылды. 16 наурыздан 15 сәуірге дейін республикада төтенше жағдай жарияланған.

Маңғыстау облысында коронавирус жұқтырған бір адам тіркелді. 

Жаңалықтар
0