Өңірлер

Алматы облысында жүкті әйел коронавирус жұқтырды

© Sputnik / Абзал КалиевКарета скорой помощи
Карета скорой помощи - Sputnik Қазақстан
Жазылу
1995 жылы туған Қарасай ауданының тұрғыны ауруханада ем алып жатыр, науқас жүктіліктің 21-22 аптасында

АЛМАТЫ, 27 наурыз – Sputnik. Алматы облысында бүгін коронавирус анықталған үш науқастың бірі жүкті әйел, деп хабарлады Алматы облысы əкімдігінің баспасөз қызметі.

"Вирус анықталған 1995 жылы туған Қарасай ауданының тұрғыны жүктіліктің 21-22 аптасында. Қазір Қарасай аудандық инфекциялық ауруханасында ем алып жатыр", - делінген хабарламада.

Коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы екі жағдай облыстың екі ауданында тіркелді.  

"1957 жылы туған əйел Іле ауданынындағы провизорлық госпитальда карантинде жатқан болатын. Ол коронавируспен ауырған адаммен байланыста болған.  Əйел адамнан анализ алынды. Талдау қорытындысы бойынша ол Қарасай аудандық инфекциялық ауруханасына ауыстырылды", - делінген ақпаратта.

Үшінші науқас – 1997 жылы туған Жамбыл ауданының тұрғыны. Қыз бала 20 наурызда Оңтүстік Кореядан Ие Чоу-Алматы OZ 577 рейсімен ұшып келген.

Соңғы мәліметке сәйкес, елімізде науқастардың саны 204 адамға жетті.

Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтанда коронавируспен ауырған он адам ауруханадан шығарылады

Еске сала кетейік, бұған дейін он үш адамның сауығып, тағы бір әйелдің қайтыс болғаны белгілі болды.

16 наурыздан бастап елде төтенше жағдай жарияланды. Режим отыз тәулікке созылады. Ал астанамен Алматы карантинге жабылды.

Жаңалықтар
0